Доллар, еуро, рубль және юань бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу - 496,91 теңге, сату - 499,41 теңге;
- еуро: сатып алу - 579,61 теңге, сату - 585,18 теңге;
- рубль 6,37 - 6,49 теңге аралығында саудаланады.
- юань 72,36 - 75,29 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 495,04 теңгеден сатып алынады, 502,04 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 575,00 теңге, сату - 585,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,25 теңге, сату - 6,55 теңге;
- юань 72,14 теңгеден сатып алынады, 76,32 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 4 наурыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,31 теңгеге қымбаттап, 499,83 теңге болды.