Доллар қор биржасында нығая түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Доллар, теңге
Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,63 теңгеге қымбаттап, 539,56 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 538,63 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,84 теңгеден сатып алынады, 540,62 теңгеден сатылады. Еуро 625,54 — 629,72 теңге, ал рубль 6,68 — 6,80 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,79 теңгеден сатып алынады, 78,48 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 537,69 теңгеден сатып алынады, 543,69 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 624,49 теңге, сату — 632,53 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,73 теңге, сату — 6,90 теңге.
— юань: сатып алу — 75,96 теңге, сату — 79,83 теңге.

Еске салайық, 14 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,92 теңгеге қымбаттап, 538,63 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар