Доллар тағы қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

Доллар тағы қымбаттады
Фото: pexels.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,71 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 512,10 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 511,6 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 583, сату құны — 587.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 509 теңге. Еуро 578 теңгеден сатып алынып, 585 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,33 - 6,46 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 3 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,51 теңге. Еуро — 578,59

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар