Доллар үшінші күн қатарынан арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

доллар
Фото: freepik.com

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,98 теңгеге арзандап, 518,19 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 519,41 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 518,78 теңгеден сатып алынады, 520,61 теңгеден сатылады. Еуро 597,13 – 602,69 теңге, ал рубль 6,35 – 6,47 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,81 теңгеден сатып алынады, 76,35 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 516,53 теңгеден сатып алынады, 523,53 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 595,48 теңге, сату - 603,55 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,39 теңге, сату - 6,54 теңге.
- юань: сатып алу - 74,85 теңге, сату - 78,77 теңге.

Еске салайық, 19 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,47 теңгеге арзандап, 519,41 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар