22:35, 10 Ақпан 2023 | GMT +5
Допты хоккейден «Ақжайық» сырт айдында «Знамя-Удмуртия» командасымен тең ойнады
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Воткинскіде «Знамя-Удмуртия» Оралдың «Ақжайығын» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші таймда айдын иелері 4:3 есебімен басым түсті.
Екінші кезеңде оралдықтар қарымта қайыра білді. Қорытынды есеп – 6:6.
Бұл ойында «Ақжайықтан» ресейлік легионерлер Максим Пахомов, Артем Лапшин және Александр Слугин екі-екіден гол соғып, көзге түсті.
Сенбі күні қос команда екінші кездесуін өткізеді.
Николай Шавалдин жаттықтыратын батысқазақстандық клуб үшінші топта 22 ұпаймен бұрынғыша төртінші орында келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын допты хоккейден «Ақжайықтың» қарсыласын ірі есеппен ұтқанын жазған едік.