Досқалиев пен Ақшолақовтың ерекше қасиеттері қандай
Ақтөбеде «Аймақтық денсаулық сақтауды жаңғырту. Негігзі бағыттар. Медициналық кластер кластер жұмысының 1 жылдығы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
«Туған жер» республикалық форумы аясында Ақтөбеге келген ғалым-фармаколог, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Денсаулық сақтау министрлігі, Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптаудың ұлттық орталығында бас фармаколог болып жұмыс істейтін Раиса Күзденбаева шәкірттері туралы сырын жеткізді. Ол бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің адами қасиетін ерекше атап өтті.
«Ол министр болған кезде қабылдауына бардым, мені кіргізбеді. Жақсылық келген соң «мына кісі мені кіргізбей тұр» деп айттым. Ол хатшы қызға: «Мына кісіні танып алыңыз. Егер мен бос болсам бұл адам қабылдау бөлмесінде отырмауы тиіс. Ол менің ұстазым» деді. Сол жерде қалай құлап қалмағанымды білмеймін?»- деді ол. Раиса Күзденбаева шәкірттерін мақтан ететінін, үнемі қолдауларын сезетінін жеткізді. Тіпті көмек қажет кезде телефон шалып, науқастарды ем жүргізуге жібереді.
«Сіздің шәкіртіңіз, телефон шалыңызшы деп айтады. Мен хабарласамын, ешқайсысы қарсы болған емес»,- деді Раиса Күзденбаева.
Ақтөбедегі жерлестер форумына арнайы шақырылған Раиса Күзденбаеваға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев алғысын айтты.
«Абай әкесінен қорықпаған, мен Абаймын деп айтқан. Сол кезде Құнанбай «егер сен мықты болсаң дүниеге Абай секілді баланы әкел» деп айтқан екен. Ұстаздың ең мықтысы - өзінен мықты азамат тәрбиелеу. Серік Ақшолақов, Жақсылық Досқалиев, Сәлім Беркінбаевты айтқаным, ол сізді айтқаным. Сіз секілді мықты ұстаз болмаса, бұл дәрігерлер мықты маман болмас еді», - деді Бердібек Сапарбаев.