Дубайда алтыннан көше салынады
АСТАНА.KAZINFORM - Дубайдың медиакеңсесі алтыннан қаланың жаңа көрнекті ауданы салынатыны туралы жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Ithra Dubai компаниясы алтын, алтын зергерлік бұйымдар мен асыл тастарды сатуға арналған арнайы аймақ - Дубай алтын ауданы жобасын ресми түрде іске қосты.
- Бұл жобаның іске қосылуымен біз алтын және зергерлік өнеркәсібі тарихында маңызды жаңа тарау ашамыз. Біздің мұрамызды, ауқымымызды және мүмкіндіктерімізді біріктіре отырып, жоба трейдерлер, инвесторлар, бөлшек саудагерлер және әлемдік брендтер үшін әлемдік нарықтағы және негізгі сауда дәліздеріндегі тұтынушылар мен келушілерге қызмет көрсету үшін маңызды және әртүрлі экожүйе жасайды, - деп түсіндірді Itha Dubai компаниясының бас директоры Иссам Галадари.
Дубайдағы жаңа «Алтын үйінің» негізгі ерекшелігі алтыннан салынған әлемдегі алғашқы көше - Голд Стрит болады.
Бұған дейін БАӘ теміржол тасымалдаушысы өзінің алғашқы инновациялық магнитті пойызын сынақтан өткізіп жатқаны хабарланған болатын.
Дубайда сынақ мақсатында жүргізушісіз такси іске қосылды.