Дүниежүзі бойынша 300 мыңға тарта адам «Ядролық қарусыз әлем» петициясына қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық суретші және антиядролық қозғалыстың белсендісі, Семей полигонының зардабын тартқан Кәріпбек Күйіков «Ядролық қарусыз әлем» жобасын қалай қолдауға болатынын айтып берді.
None
None

«Қазіргі уақытта біздің петицияға 100-ден астам мемлекеттен 300 мыңға тарта адам қосылған. Менің мақсатым - кейбір елдердің ядролық қару жасауға жұмсайтын миллиардтаған долларларына қарсы 1 миллион адамның дауысын жинау. Әлемде ядролық қарудың сынағын тоқтату туралы кез келген үндеуді елемейтін мемлекеттер әлі де бар. Ол жасырын емес», - деді К. Күйіков Астанада «Ядролық қарусыз әлем» атты дөңгелек үстелде.

Айта кету керек, «Ядролық қарусыз әлем» онлайн-петицияға https://www.theatomproject.org/ru/ арнайы сайтында дауыс беруге болады.
АТОМ жобасы Ядролық қару сынақтарын мүлде тоқтатып, радиоактивтік материалдардың бөтен қолға түспеуіне, оның қорғауын қамтамасыз етіп әлемнің барлық қоғамдастықтарының назарын аударуына ұмтылуда.

«Қазақстан - ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет. Бұл өзге елдерге абыройлы үлгі бола алады. Біз өзінің Жарлығымен Семей полигонын жапқан Президенттің осынау батыл шешімін әрқашан жадымызда ұстаймыз. Меніңше, бұл Қазақстан Тәуелсіздігін нығайтқан алғашқы ірі қадамдардың бірі», - деп жалғастырды суретші.

«Артқа көз тастап қарайтын болсақ, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының арқасында барша әлем біздің Семей полигонында болған оқиғаларды білді. Біз біріксек, ядролық сынақтарды барлық әлем бойынша тоқтата аламыз», - деп түйді сөзін К.Күйіков.

Кәріпбек осыдан 47 жыл бұрын Кеңес билігі 450-ден астам жарылыс жасаған сынақ алаңына тақау Егіндібұлақ атты кішкене ғана ауылда туған. Ата-анасының радиобелсенді сәулелердің әсеріне ұшырауы себепті ол дүниеге қолсыз келді.

Кәріпбек басынан көп қиыншылық өткеріп, ядролық қаруға қарсы қозғалыс құрды, осы тақырыпта салған суреттері әлемге тарап кетті. Бүгінде, Кәріпбек ядролық сынақтардан зардап шеккен құрбандардың портреттерін жиі салады және оның суреттері Германия, Жапония және АҚШ галереяларында қойылған. Сонымен қатар АТОМ Жобасының құрметті елшісі ретінде түрлі ядролық конференциялар мен іс-шараларға қатысады. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және АҚШ конгресі шеңберінде өткен конференцияларға қатысып, баяндама жасады.

null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар