Дүниежүзілік банк Өзбекстан экономикасының өсімін 5,8% деңгейінде болжап отыр

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Еуропа мен Орталық Азия елдерінің экономикалық дамуына талдау жасалған «Жаһандық экономикалық перспективалар» атты Дүниежүзілік банктің баяндамасы жарияланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Дүниежүзілік банк Өзбекстан экономикасының өсімін 5,8% деңгейінде болжап отыр
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Дүниежүзілік банк экономистерінің бағалауына сай, былтыр Өзбекстанның жалпы ішкі өнім көлемі 6%-ға өскен. Аталған ұйым 2025 жылы көршілес елдің экономикасы — 5,8%, ал 2026 жылы 5,9%-ға өсуі ықтимал екенін болжап отыр.

Еске салайық, былтыр Өзбекстанның жалпы ішкі өнім көлемі 115 млрд долларға жетті. Бұл ретте шетелдік инвестициялар көлемі 1,6 есе артып, 35 млрд долларды шамалады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталуға жақын.

Сонымен қатар, биыл ресми Ташкент $43 млрд инвестицияны игеруді жоспарлап отыр.

Мұнымен бірге, былтыр Қазақстаннан Өзбекстанға 800 млн долларға жуық ақша аударылған.

Соңғы жаңалықтар