Душанбеде картоп фестивалі өтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Пирамидалар, кілем панельдері, жануар мүсіндері және картоптан жасалған мүсіншелер. Тәжікстан астанасында картоп пен одан жасалған тағамдардың дәстүрлі фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Сөрелерде түрлі түсті және көлемдегі картоптар бар. Көкөністі осы жерден екі есе арзан бағаға сатып алуға болады.

Елдің түкпір-түкпірінен келген фермерлер Душанбеге картоптың ең жақсы сорттарын әкелген. 400 тонна өнім сатылымға қойылды.

Фестиваль қонақтары тек сатып алып қана қоймай, сонымен қатар қуырылған, қайнатылған, езіліп пісірілген картоптың, салаттардың, самбуса және тіпті картоп кебабтарының дәмін тата алады.

Бұл мереке ел президентінің бастамасымен пайда болған. Себебі бұл өнім Тәжікстанда өте танымал.

Тәжікстанда картопты ет пен нан сияқты жақсы көреді. Елде жыл сайын 1 миллион тоннаға дейін картоп өсіріледі.



Бұған дейін Тәжікстанда Мехргон егін жинау мерекесі қалай тойланатынын жазған болатынбыз.