18:35, 21 Қараша 2025 | GMT +5
Джиу-джитсу шебері Жігер Алматай Ислам ойындарында алтын медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жігер Алматай Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды.
Ол 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды. ҚР ҰОК мәліметінше, финалда спортшымыз БАӘ құрамасының өкілі Махди Алавлакиді жеңді.
Айта кетейік, бүгін, 21 қарашада Жібек Құлымбетова екінші орын алса, Мансұр Хабибулла үшінші орынға ие болды.
Ажар Салықова Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі.
Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Ислам ойындарында үшінші орын алды.