Джорджо Армани 8 қыркүйекте Пьяченца жанындағы отбасылық қорымға жерленеді

АСТАНА. KAZINFORM — Дүйсенбі күні Пьяченца маңындағы Ривальта ауылындағы Сан-Мартино шағын шіркеуінде әлемге әйгілі италиялық сәнгер Джорджо Арманиді жерлеу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Rai News.

Армани похоронят 8 сентября в семейном склепе под Пьяченцей
Фото: Agenzia Nova

Ол отбасылық қорымға жерленеді.

Армани бұл жерді өзі таңдап, рәсімнің жеке өткенін қалады. Оған ең жақын 20 шақты адам ғана қатысады.

Миландағы Armani/Teatro көрме кешенінде 6 және 7 қыркүйекте қоштасу рәсімі өтті. Екі күнде 16 000-нан астам адам дизайнермен қоштасты. Олардың арасында Милан мэрі мен сәнгер Донателла Версаче болды.

Қыркүйектің 7-сі күні кешке Арманидің табыты көрме кешенінен шығарылды.

Армани топтамасының соңғы көрсетілімі қыркүйек айының соңында Миланда Brera галереясында өтеді. Ол сән үйінің 50 жылдығына арналған. 91 жастағы кутюрье мерейтойлық топтаманы әзірлеу үшін соңғы күніне дейін жұмыс істеген.

Милан галереясында да атақты сәнгерге арналған көрме ашылады.

Кутюрьеге құрмет белгісі ретінде Armani дүкендері мен сайты жерлеу күні жабылады. Қалыпты режимдегі жұмыс 9 қыркүйекте қайта жалғасады.

Бұған дейін Милан мэрі Джорджо Армани жерленген күні қаралы күн жариялағанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, 8 қыркүйек Пьяченца қаласында да қаралы күн болып жарияланды.

Соңғы жаңалықтар