Джули Стаффт Қазақстандағы АҚШ-тың жаңа елшісі болуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Джули Стаффттың Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне кандидатурасы Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Kazinform. 

Джули Стаффт
Фото: facebook.com/U.S.EmbassyMoldova

Стаффтпен бірге Малайзия, Шри-Ланка және Таиланд елдеріндегі елші лауазымдарына ұсынылған кандидаттар да көрсетілген.

Қазіргі уақытта Джули Стаффттың кандидатурасы АҚШ Сенатына жолданған. Елшілерді тағайындау процесі бірнеше кезеңнен тұрады: алдымен кандидатураны президент ұсынады, кейін оны Сенаттың халықаралық істер жөніндегі комитеті қарайды, қажет болған жағдайда тыңдаулар ұйымдастырылады. Комитеттің мақұлдауынан кейін мәселе жалпы Сенат отырысында дауысқа салынады.

Джули Стаффт бұған дейін АҚШ-тың Молдова, Джибути, Ресей, Эфиопия және Польшадағы елшіліктерінде жұмыс істеген. Сондай-ақ визалық қызметтер жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм отставкаға кеткенін хабарлаған болатын

Соңғы жаңалықтар