Дзюдодан әлем чемпионаты: 17 маусымда ел құрамасынан Мейірлан Максим сынға түседі
АСТАНА. KAZINFORM — Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан бүгін, 17 маусымда Мейірлан Максим (90 келі) сынға түседі.

Алғашқы айналымда ол франциялық Алексис Матьемен шеберлік байқасады.
Белдесу қазақстандық уақытпен 14:00–ге белгіленген.
Сондай-ақ 18 маусымда Нұрлыхан Шархан (100 келі) және Марат Байкамуров (100 келі), 19 маусымда Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) жүлдені сарапқа салады.
Қазірге дейін әлем чемпионатында ел құрамасынан Әбиба Әбужақынова (48 келі) күміс жүлдегер атанса, Мағжан Шамшадин (60 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Есет Қуанов (72 келі), Эсмигүл Куюлова (63 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі) жарысты ерте аяқтады.
Дзюдодан әлем чемпионаты 13-20 маусым аралығында өтеді. Онда 92 елден келген 566 спортшы 14 салмақта жүлдеге таласады.