Дзюдодан Хорватиядағы Гран-при турнирінде ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Загребте (Хорватия) өтетін Гран-при кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады.

Дзюдодан Хорватиядағы Гран-при турнирінде ел намысын кімдер қорғайды
Фото: ҚР ҰОК

Аталған байрақты бәсекеде ел намысын 19 дзюдошы қорғайды.

Ерлер

60 келі: Аман Бақытжан, Нұраділ Әлжан;

66 келі: Нұрқанат Серікбаев, Бақытжан Әбдірахманов;

73 келі: Данияр Шамшаев;

90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов;

100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы.

Әйелдер

48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;

52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова;

57 келі: Дана Әбдірова;

63 келі: Эсмигүл Куюлова;

70 келі: Ажар Асхат;

78 келі: Екатерина Токарева;

78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш.

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Гран-при кезеңі 13-15 қараша аралығында өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан балуандары күрестен әлем чемпионатын бес медальмен қорытындылағанын хабарлаған едік.