Дзюдодан Қазақстан құрамасы әлемдік Grand Slam жарысына қатысады
Бұл жөнінде Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім етті.
Франция астанасы Париж қаласында 4-5 ақпан күндері дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтеді. Аталған жарысқа әлемнің 85 елінен келген 500-ден астам балуан бақ сынайды.
Халықаралық жарысқа еліміздің атынан 14 салмақта 28 дзюдошы татами төрінде тайталасқа түседі.
Ерлер:
60 келі: Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев
66 келі: Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев
73 келі: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев
81 келі: Мадияр Сембаев, Абылайхан Жұбаназар
90 келі: Дидар Хамза, Айдар Арапов
100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас
100 келіден жоғары: Жамбыл Тұрғыналиев, Әділ Оразбаев
Әйелдер:
48 келі: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
52 келі: Әйгерім Әбілқадірова, Толғанай Әбеуова
57 келі: Дана Әбдірова, Дана Құсақбаева
63 келі: Есмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева
70 келі: Анастасия Маякова, Анастасия Морозова
78 келіге дейін: Аруна Жангелдина, Назерке Тілеуханова
78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.
Еске салсақ, бұдан бұрын дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте үздік алтылыққа енді.
Фото: fdk.kz