Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпиорнатын сәтті бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде бес медаль алды.

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпиорнатын сәтті бастады
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Отандастарымыз Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан құрлықтық доданы 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдемен бастады. Жарыстың алғашқы күнінде қыздар 48, 52, 57, 63, ұлдар 60, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады. 

Нәтижесінде Іңкәр Құралбай (48 келі) чемпион атанса, Қайрат Жеңісұлы (60 келі) күміс, Ерасыл Ержанов (66 келі), Ернар Кеңесхан (73 келі) мен Сара Шугаева (52 келі) қола жүлдегер атанды.
Айта кетерлігі, жастар арасындағы Азия чемпионатына барлығы 20 елден 198 жас татами шебері қатысып жатыр.

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы саны 2 алтын, 4 күміс және 8 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде 3-ші орынға жайғасты

Ел құрамасынан Інжу Жұмажан (57 келі), Фархат Зейнолла (50 келі) чемпион атанса, Тоғжан Төлебай (70 келіден жоғары), Бекнұр Амангелді (55 келі), Таңжарық Момынтай (60 келі), Заманбек Бақтығали (66 келі) күміс медаль алды.

Сондай-ақ Әбіш Пердалы (50 келі), Аслан Ерғалиев (55 келі), Зере Талғатқызы (40 келі), Аяжан Ринатқызы (48 келі) және Жанайым Маратбек (52 келі), Ерасыл Болатбек (81 келі), Ұлдана Қожаназарова (70 келі), Ердәулет Жұмабай (90 келі) қола жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар