17:51, 09 Қараша 2025 | GMT +5
Қазақстан құрамасынан екі дзюдошы Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Аруна Джангельдина мен Мәди Амангелді Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.
Мәди Амангелді 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Нугзари Таталашвилиді (БАӘ) жеңді.
Аруна Джангельдина, 78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, Аридж Агуебті (Тунис) жеңіп финалға жолдама алды.
Айта кетейік, қазақстандық жүзгіштер Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды.
Самалай Ерғалиева Эр-Риядтағы жарыста Қазақстан қоржынын қоламен толықтырды.
Ержан Еренқайыпов пен Шерзод Давлатов Ислам Ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды.