Е.Сағадиев Ақтөбедегі 2 ҰБТ өткізу пунктіне барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 маусымда Премьер-министр тапсырмасымен Ерлан Сағадиев Ақтөбе қаласындағы екі ҰБТ өткізу пунктінде болып қайтады, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

 Е.Сағадиев Ақтөбедегі 2 ҰБТ өткізу пунктіне барады

Білім және ғылым министрі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндегі және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетіндегі пункттердің қауіпсіздігін өзі тексереді.

Еске сала кетсек, бұған дейін министрлік тарапынан Ақтөбедегі екі ҰБТ өткізу пункттердегі тестілеу мерзімін 2016 жылғы 6 маусымнан 7 маусымға ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.