«Е3/EU+3» сарапшылары Иранға Алматыдағы кездесуде көтерілген ұсыныстардың кеңейтілген нұсқасын ұсынды

БРЮССЕЛЬ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 17-18 наурыз аралығында Ыстамбұлда сарапшылар деңгейінде өткен кездесуде «Е3/EU + 3» тобының өкілдері Алматыда ирандық ядролық бағдарлама бойынша кездесу барысында Иранға ұсынылған өздерінің ұсыныстарының егжей-тегжейлі қарастырылған нұсқасын Иранның қарауына ұсынды.
None
None

Бұл туралы бүгін Брюссельде таратылған ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның мәлімдемесінде айтылды.

«E3/EU +3» сарапшылары Алматыда 26-27 ақпанда өткен кездесудің барысында ұсынылған Иран тарапына сенімді нығайтуға бағытталған қайта қаралған ұсыныстар бойынша қосымша ақпаратты ұсынды. Өткен кездесу сондай-ақ «E3/EU +3» сарапшылары мен Иранға бірқатар техникалық мәселелер бойынша бір-бірінің ұстанымдарын зерделеуге мүмкіндік берді», - делінген баспасөз баянында.

Еске сала кетейік, Алматыдағы 26-27 ақпандағы «Е3/EU плюс 3» форматындағы ирандық ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер алда тұрған мәселелерді 18 наурызда Ыстамбұлда сарапшылар деңгейінде шешу жолдарын талқылау және келіссөздердің жоғары деңгейдегі келесі раундын 5-6 сәуірде Алматыда өткізу туралы тараптардың уағдаластығымен аяқталған болатын.

Қазақстан өз тарапынан келіссөздерге тікелей қатысушы болмағанмен, жемісті келіссөздер өткізу үшін қолайлы жағдай туғызуға күш-жігерін қосты.

Соңғы жаңалықтар