Эгей теңізінде магнитудасы 4,6 жер сілкінісі болды

АНКАРА. KAZINFORM — Жерасты дүмпулері 11 километрден астам тереңдікте тіркелді, деп жазды Анадолы.

Эгей теңізінде магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі болды
Фото: Анадолы

Эгей теңізінде жергілікті уақытпен 01:54–те магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізі акваториясында болған. Жер сілкінісінің ошағы 11,1 шақырым тереңдікте орналасқан.

Еске сала кетейік, 8 шілде Астана уақытымен сағат 14:30-да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС Жамбыл облысында жер сілкінісін тіркеген болатын.

Соңғы жаңалықтар