Екі аптадан бері Алматыда ауа сапасы жақсармай тұр

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

ауа сапасы
Фото: Kazinform

— 2025 жылғы 26 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.

«Қазгидрометтің» бұған дейінгі болжамдарына сәйкес 12 шілдеден бері Алматы қаласының ауа сапасы нашарлаған қалалар тізімінен түспей тұрғаны анықталды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін Алматымен қоса Өскеменде ауа сапасы нашарлайтыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар