Екі қалада ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа сапасы
Фото: Pixabay.com

-2025 жылғы 8 маусымда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары түнде Өскемен, Атырау қалаларында күтіледі,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін Алакөл жағасындағы туризм экологияны қалай бүлдіріп жатқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар