Екі мегаполис пен Атырауда ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайы Қазгидромет.

Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

- 2025 жылғы 4-шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Шымкент, Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін Жерорта теңізі елдерін аптап ыстық пен орман өрті шарпығаны туралы жаздық.

 

 

Соңғы жаңалықтар