Екі облыста көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM – ЩҚО және Абай облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
2026 жылғы 15 қаңтар сағат 11:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдардабарлық көлік түрлерініңқозғалысына шектеу енгізіледі:
Абай облысы:
– «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау –Семей – Павлодар –РФ шекарасы» автожолының 1 087-1 103 шақырым аралығы (Боғас ауылының бұрылысынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін).
Шығыс Қазақстан облысы:
– ««ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау –Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 1 103-1 256 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасынан Зайсан қаласына дейін).
Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 15 қаңтар сағат 17:00-де ашу жоспарланып отыр.
Еске салсақ, Қазақстанда 15 қаңтарда қай жолдар жабық екенін жазған едік.