Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Екі облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Бүгін, 30 желтоқсан сағат 18:45-те ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі:

Ақтөбе облысы:

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (ЖҚС «ЭКО ойл» - дан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

Қызылорда облысы:

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).

Жолды 2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады. 

Айта кетейік, соңғы 24 сағатта Қостанайда бір айлық жауын-шашын мөлшері түсті, әлі де жауып жатыр.

Соңғы жаңалықтар