Екі облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

жол
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Ақтөбе облысы:

2026 жылғы 17 наурыз сағат 23:50-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі:

- «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы»11–104 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе қаласы – Қандыағаш қаласы);

- «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 250-337 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарауылкелді ауылы – Атырау облысының шекарасы)

Жолды 2026 жылғы 18 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Атырау облысы:

2026 жылғы 17 наурыз сағат 23:50-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар«Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 337-346 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Сағыз кенті) жүк және қоғамдық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 18 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» ҰК ауа райының бұзылуына байланысты ел бойынша бірнеше облыста жүк және қоғамдық көлік үшін жол қозғалысын шектеді.

Соңғы жаңалықтар