Екі облыстағы жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола мен Қарағанды облыстарындағы жолдара күн райына байланысты қозғалыс шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

трасса, закрыта дорога, метель, автомобиль, буран, жол жабық, боран, көлік
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Компания мәліметтеріне қарағанда, 11 қараша сағат 19:30- республикалық маңызы бар «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 30-92 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жібек Жолы ақы алу пунктінен - Қарағанды облысының шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 12 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Сондай-ақ сағат 19:30-да Қарағанды облысында республикалық маңызы бар «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақмола облысының шекарасынан - Теміртау ақы алу пунктіне дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 12 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Осыған дейін алдағы үш тәуліктің күн райы болжамын жарияладық.

 

Соңғы жаңалықтар