Екібастұзда жер үйлерге жылу беріле бастады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Қала бойынша 6331 жер үй орналасқан. Олардың жартысынан астамы қазірдің өзінде орталық жылу жүйесіне қосылып үлгерген.

Отопительный сезон
Фото: freepik

Екібастұз қаласында биыл орталықтандырылған жылуға қосу 10 қыркүйектен бастап жүргізіліп жатыр. Нысандарға жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Барлық үйлер мен мекемелер толық қосылып болған соң ғана жылу параметрлері көтеріледі.

- Бекітілген жоспарға сәйкес, жылу беру маусымын бастадық. 10 қыркүйектен әлеуметтік нысандарға кезең-кезеңмен жылу беріліп жатыр. 15 қыркүйектен жер үйлер кезең-кезеңімен жылумен қамтамасыз етіледі. Ал 20 қыркүйектен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу жібереміз, - деп хабарлады қала басшысы Аян Бейсекин.

Кеншілер қаласында 6331 жер үй бар. Бүгінде соның 3400-іне жылу берілген. Ал әлеуметтік мекемелерден тек 5 нысан ғана қосылмаған.

Бұған дейін 10 қыркүйектен Павлодар қаласындағы әлеуметтік мекемелер орталық жылу көзіне қосыла бастағанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар