Екібастұздағы апат салдарынан Жамбыл облысы жарықсыз қалған

АСТАНА. KAZINFORM — 19 маусымда Екібастұз ГРЭС-2 станциясындағы апатқа байланысты еліміздің өзге өңірлерімен қатар, Жамбыл облысының бірқатар елді мекенінде электр жарығы уақытша өшірілді, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Авария на ТЭЦ-3: Караганда осталась без света
Фото: pixabay.com.

— Қазіргі таңда апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Электр энергиясын тұтыну бойынша шектеулер алынып, жарық кезең-кезеңімен беріліп жатыр. Облыс тұрғындарын түсіністікпен қарауға, сабырлық танытуға, тек ресми ақпараттарға сенуге шақырамыз! — делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Бұған дейін Екібастұзда 500 кВ электр жеткізу желісі апаттық жағдайда ажыратылғанын жазғанбыз. Кейіннен энергия торабының жұмысы қалпына келтірілгені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар