Екі бұғының айқасы желіні «шулатты»
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Теннесси штатының табиғат жөніндегі агенттігі қызметкерлері екі бұғының артқы аяқтарымен тік тұрып айқасқан сәтін түсіріп алған.
Жазбаны Facebook-те агенттік жариялады.
Жануарлардың жекпе-жегі орманға қойылған камералардың бірінің обьективіне түсіп қалды. Агенттік қызметкерлерінің айтуынша, олар шамасы тамаққа таласқан.
Ақ құйрықты бұғылар Солтүстік Америкада кеңінен таралған. Қыста аталық бұғылар мүйіздерін тастайды, ал жаңалары тек көктемнің соңына қарай өсе бастайды. Мүйіздері жоқ болған шақта олар қайсысының күші басым екендігін тұяқтарының көмегімен білдіреді.