Екі қолынан айырылған ақтөбелік оқушының анасы жұрттан көмек сұрады

None
None
  АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Екі қолынан айырылған  Дамирдің анасы Гүлмира Фактулина қазақстандықтардан көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласындағы трасформаторға күйіп қалған Дамир ауруханадан шығып, үйіне оралды. Алдағы 4 айда ол учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Оның кеуде тұсына, аяғына, бақайына тері жамалды. Қажетті тері 9 жастағы баланың аяғынан алынды. Бірнеше отаны өткерген оқушыға енді мүгедектік беріледі. Ал ата-анасы жасанды қол жасатуға халықтан көмек сұрап отыр.

"Жасанды қолдың құны Ресейде  - 30 миллион теңге. Бізге екеуін жасату керек. Қазір 3 миллион теңге қаржы жиналды. Қажетті ақшаны жинай алмаған соң халықтан көмек сұраймыз. Бала қазір сабақ оқымайды, үйде бағып отырмыз. Ешкімді көргісі келмей, бір бөлмеде отырады. Достарымен де кездеспейді", - деді Дамирдің анасы Гүлмира Фактулина.
Еске салсақ, оқушы мектеп ауласындағы трасформаторға түсіп қалып, екі қолынан айырылды.  Оған бірнеше ота жасалып, бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болды. Самат Смақов оқушымен кездесіп, өз жейдесін сыйға тарту етті. 

Соңғы жаңалықтар