Екі мүгедек кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілді
«Даму» бөлімшесінің бас менеджері Берік Нұрғалиевтың айтуынша, кәсіпкерлік қызметін кеңейту үшін демеушілік көмекті Қарғалы ауданы Бадамша ауылының тұрғыны Андрей Никитин мен Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласының тұрғыны Жанша Еркешова алды.
А.Никитин - ІІІ топтағы мүгедек, Бадамша ауылында аяқ киім жөндеу шебері болып жұмыс істейді. Ол «Даму» қорының аймақтық бөлімшесіне жаңа етікшілік құрал-жабдықтарды сатып алуға көмек көрсету өтінішімен келді. Нәтижесінде «Керамика» АҚ оған демеушілік көрсетіп, аяқ киім тігуге арналған тігін машинасы және қайрайтын станок түріндегі жабдықты сатып әперді. Бұдан басқа, оған қажетті шығын материалдарын сатып алу үшін қаржылық көмек көрсетілді.
Ж.Еркешова да ІІІ топтағы мүгедек, ол үйінде отырып тұрғындардан тігін бойынша тапсырыстар алады. «Даму-Көмек» бағдарламасының көмегімен оған демеушілік көмек көрсетіліп, «TOYOTA RSL 18» маркалы көпфункционалды жаңа тігін машинасы табыс етілді.