10:13, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Екі облыста жолдағы көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде екі облыста боранға байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығынан «Ақтөбе - РФ шекарасы» жолының бойында барлық автокөлік түрлері үшін 75-135 шақырымы аралығында және Ақтөбе-Қосістек учаскесінде қозғалыс шектелді. Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығынан «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 136-252 шақырым аралығында Ұлытау-Қостанай облысының шекарасы учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлады «Қазақавтодор» РМК.