Екі студентке ақтөбелік «Диапазон» газетінің фтотілшісін тонады деген күдік тағылып отыр

Осы газеттің журналисін тонау ісіне қатысты қылмыс әлі ашылмады, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу барысында анықталғандай, 23 желтоқсан күні газеттің үш қызметкері дәмханаға барып, спирттік ішімдіктер ішкен.
Көшеге шыққан соң олар жақын орналасқан көршілес дәмханаға бет алады, алайда ол жабық тұрған. Дүкен жанында олардың екеуі белгісіз жігіттердің соққысына ұшырап, ұялы телефондары мен бас киімдерін ұрлатып алған.
Тағы бір журналист үйіне жаяу бара жатқанда, Рысқұлов-Вавилов көшелерінің қиылысында белгісіз біреу белгісіз затпен оны ұрып құлатып, ұялы телефон мен редакцияның фотоаппаратын қолды еткен.
Полицияның мәліметінше, қылмыстың ізін суытпай ашу мүмкін болмады, себебі зардап шеккен журналист бір сағат өткен соң қарақшылық туралы хабар берсе, екіншісі полицияға тек бір тәуліктен кейін арыз берген. Үшінші журналист арыз жазудан тіпті бас тартқан. Сонымен қоса, олардың ешқайсысы да қарақшылық жасаған адамдарды нақты суреттеп бере алған жоқ.
Жақында зауыттық полиция қызметкері фототілшіге қатысты қарақшылық жасады деген күдікпен Маңғыстау облысының тумалары, Ақтөбеде білім алатын 20 және 21 жастағы екі студентті қолға түсірді. Ұсталғандардың біреуі қамауға алынса, екіншісі ешқайда шықпау туралы қолхат жазып берген. Анықталғанындай, олар ұялы телефонды бір таныстарына сатып жіберген.
Қазіргі таңда газет журналисіне қарақшылық жасаған істі ашу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.