Екі тәулік ішінде Астана жолдарында 1434 тәртіп бұзушылық тіркелді

28-29 желтоқсанда Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция департаментінің қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен және БАҚ-пен бірлесіп мас жүргізушілерді анықтау жұмыстарын қолға алды. Екі тәулік ішінде 1434 заң бұзушылық анықталды.
«Соның ішінде 26 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған, 25 адам жылдамдықты шамадан тыс асырған, 39 көлік қарсы бағытқа шығып кетсе, 49-ы жаяу жүргіншілерге жол бермеген, 229 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, ал 172-і көлік құралдарын басқару барысында ұялы телефонмен сөйлескен, 290 жаяу жүргінші Жол қозғалысы ережелерін бұзған»,- делінген хабарламада.
Үстіміздегі жылдың 11 айында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері Астана қаласының аумағында көлікті мас күйінде басқарған 2 768, жолды бағдаршамның қызыл шамына кесіп өткен 6 290, жаяу жүргіншілер жолынан өту ережесін бұзған 3 888, апатты жағдайды бұзғаны үшін 581 жүргізушіні ұстады.