Екі жылда мемлекеттік аудит бойынша 511,8 млрд теңгенің заң бұзушылығы анықталды – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит процесін электронды форматқа көшірудің себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Дәстүрлі аудит процесінен электрондық форматқа көшудің негізгі артықшылықтарына тоқталып өтсем. Алдымен сыбайлас жемқорлық тәуекелінің алдын алады. Себебі екіжақ (тексеруші және тексеріс жүретін мекеме) бір-бірімен тікелей байланысқа түспейді. Аудит объектілеріне әкімшілік жүктеменің көлемі азаяды. Сонымен қатар бірнеше аудит объектісін бір мезгілде тексеруге мүмкіндік бар. Электронды форматтың тағы бір басым тұсы еңбек және уақыт шығынын азайтады»,- деді ҚР Қаржы министрлігі цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Еркін Беркешев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, электрондық аудит іске қосылғаннан бері (2020 жылдың қарашасынан бастап) 1568 аудиторлық іс-шара өтті.

«Нәтижесінде 511,8 млрд теңгеге заң бұзушылық анықталды. 2021 жылы қашықтан жүргізілген аудиторлық іс-шараның үлесі 31,2%-ды құрайды. Бұдан басқа «Тәуекелдерді басқару жүйесі» модулін айта кетсем. Ол мемлекеттік объектілердің тізбесін анықтауға арналған. Бүгінгі күні модульде 64 тәуекел индикаторы енгізілді. Жалпы министрлік қызметін цифрландыру бюджетті атқарудың әрбір кезеңінде профилактикалық аудит жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл дегеніміз жоспарлау, кассалық атқару, есепті жүргізу және бюджет пен қаржылық есептілікті қалыптастыру», - дейді ол.

Сондай-ақ, Қаржы министрлігінің өкілі жоғарыда аталған 511,8 млрд теңгеге бұзушылықтың мемлекеттік мекемелердің бюджеттен бөлінген қаржыны уақтылы игеріуімен байланысты екенін айтып өтті. Аталған сома 2020 жылдан 2022 жылғы 1 тамыз аралығын қамтиды.

Бұған дейін министрдің орынбасары елімізде электронды каталогтен сатып алынатын тауарлар тізімінің арта түсетіндігін айтқан еді.






Фото: ortcom.kz


Соңғы жаңалықтар