12:57, 16 Шілде 2015 | GMT +5
Екібастұзда 75 жастағы ер адамды екі адам пышақпен қорқытып, үйін тонап кеткен
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Екібастұз ІІБ полиция қызметкерлері 1950 және 1967 жылы туған қала тұрғындарын қолға түсірді. Олар Пішембаев көшесіндегі жеке үйге баса-көктей кіріп келіп, оның 75 жастағы қожайынына қарақшылық шабуыл жасаған, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
Тергеу барысында күдіктілер зейнеткерді пышақпен қорқытып, үйдегі сейфті ашуға мәжбүрлеген. Олар сейфтен 30.000 теңгені, сондай-ақ екі ұялы телефон мен көлік кілтін алып кеткен.
Ұсталғандар кінәсын мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192 бабына сәйкес тергеу жұмыстары басталды.
Күдіктілер Екібастұз қ. ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Полицейлер олардың өзге де осы сынды қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.