Екібастұзда екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен зейнеткер ұсталды
Салдарынан 39 жастағы ер адам қаза тапты, 24 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы орнында полицейлер ВАЗ көлігінің алдыңғы шынысының бөлшегін байқады
Тергеу және іздеу жұмыстарын жүргізгенде полиция қызметкерлері техникалық қызмет көрсету стансаларын, апаттық тұрақтарды, қараусыз қалған учаскелерді, саяжайларды, қаладағы көпқабатты және жеке үйлердің аулаларын тексерді, мыңдаған адамды жауапқа алды. ВАЗ (ВАЗ-2107, ВАЗ-2106) маркалы көліктің 1000-нан астамы оқиғаға қатысы бар не жоғы тексерілді.
Іздеу шаралары оң нәтиже берді. Алынған ақпарат бойынша дүкендердің бірінде егде жастағы ер адам көліктің алдыңғы шынысының және көліктің артқы жағын қарауға арналған айнаның құнын сұрастырған. Ер адамның кім екенін анықтау үшін 3000-нан аса адам тексерілді, нәтижесінде полицейлер 77 жастағы зейнеткерді ұстады. Ол кінәсін мойындады.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.