Екінші күн қатарынан Парсы шығанағы елдерінде жарылыстың дүмпуі естіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Парсы шығанағының бірнеше елінде зымыран мен дрон шабуылының жаңа толқынына байланысты жарылыстар мен әуе қорғаныс жүйелерінің жұмысы тіркеліп жатыр, деп жазды Kazinform агенттігінің өз тілшісі.

Екінші күн қатарынан Парсы шығанағы елдерінде жарылыстың дүмпуі естіледі
Фото: Khaama Press

Жексенбі күні Дубай мен Қатар астанасы Дохи тұрғындары аспаннан жарылыс дүмпуін қайта естігенін айтты. Қатар билігі мәліметінше, әуе қорғаныс жүйелері шабуылдарды тойтарып отыр. Қатар ішкі істер министрлігі шабуыл басталғалы бері 16 адам зардап шеккенін және түрлі аудандарда материалдық шығын болғанын хабарлады.

Дубайда дронның құлаған бөлшектері тұрғын үйлерге түскеннен кейін екі адам жараланған. Джебель-Али порт ауданында құлаған бөлшектердің салдарынан бір причалда өрт шыққаны хабарланды. Сонымен қатар халықаралық әуежай және туристік нысандар орналасқан аймақтарда инфрақұрылым зақымданды.

Абу-Дабиде Etihad Towers кешеніндегі тұрғын үй фасадына құлаған ұсталған дрон бөлшектерінен әйел мен бала жеңіл жарақат алды.

Бахрейн билігі баллистикалық зымырандар мен дрондардың жаңа толқындарын тойтарып тастағанын хабарлады, ал Кувейтте әуе дабылы естілді.

Иордания корольдігінің әуе қорғаныс жүйелері Амман және елдің солтүстік аймақтары үстіндегі әуе кеңістігіндегі зымырандарды тойтарып тастады.

Жексенбі күні Иранның Ислам революциясы гвардиясы АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасаған соққыларына жауап ретінде алтыншы толқын шабуылдарды жүргізгенін хабарлады. Хабарламада Израиль мен АҚШ әскери нысандарына зымырандар мен дрондармен соққылар жасалғаны айтылған.

Бұған дейін Омандағы кеме және Дукм портына соққылар туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум