Экологтар: Көкжиде жерасты суларының бірегей кенішіне қауіп төнді

Бұл туралы брифингі барысында Ақтөбе облысы табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Нұржан Аққұл әңгімеледі.
- Біз жыл сайын Көкжиде жерасты суларының сапасына мониторинг өткіземіз. 2008 жылмен салыстырғанда суда мұнайдың болуы азайған, алайда қазіргі кезде біз Көкжиде маңынан мұнай өндіруді тоқтату мәселесін қойып отырмыз, тиісті хатты бейіндік министрлікке жолдадық. Бүгінде мұнда «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Ада-Ойл» ЖШС мұнай өндіруде», деді Н.Аққұл.
Көкжиде құмдауыт алабының бірегей кенішінің жерасты тұщы суының және Көкжиде алабы құмының айрықша ғылыми және тарихи-мәдени құндылығы зор. Қазақстанның батысындағы қоры жағынан ірі жерасты су көзі сонымен қатар Атырау және Маңғыстау облыстарын да сумен қамтамасыз ете алады. Көкжиде кенішінің суын Кеңқияқ кентінің тұрғындары пайдаланып отыр.