Экономиканың өндірістік мүмкіндіктері ішкі сұраныстың өсуін қамтамасыз ете алмай отыр – Ұлттық банк

АСТАНА. KAZINFORM – Жалпы ішкі өнімнің өсімі жылдық мәнде 6,3 пайызға дейін жеделдеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

Национальный банк Казахстана Қазақстан Ұлттық банкі
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

- Экономикалық белсенділік артып келеді. Алдын ала деректер бойынша биыл қаңтар-шілде аралығында жалпы ішкі өнімнің өсімі жылдық мәнде 6,3 пайызға дейін жеделдеді. Оған шикізатқа жатпайтын салаларда инвестицияның ұлғаюы, тұрақты тұтыну және мұнай секторының қалпына келуі әсер етті, - деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, көлік пен қоймада сақтау саласында белсенділік артты. Ал құрылыс саласы өрге басты. Тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібінде және саудада да іскерлік белсенділік айтарлықтай өсіп келеді.

- Дегенмен, экономиканың өндірістік мүмкіндіктері ішкі сұраныстың өсуін қамтамасыз ете алмай отыр. Инфляциялық қысым күшейіп, cұраныс пен ұсыныс арасындағы алшақтық сақталуда, - деді ол.

Бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін екенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар