Эксперттер цензурадан азат нейросеттерді атады

АСТАНА. KAZINFORM — Эксперттер цензурадан азат нейросеттерді анықтады. Жаңартылған рейтинг Sansa Bench бенчмаркісінің әзірлеушілері дайындаған деректерге сәйкес, OpenAI компаниясының жаңа моделі GPT-5.2 ең соңғы орынға шықты, деп жазды 24 kg.

Эксперттер цензурадан азат нейросеттерді атады
Фото: Midjourney

Sansa Censorship бенчмаркі нейросеттердің пайдаланушы сұрауларын орындаудан бас тарту жиілігін бағалайды: балл неғұрлым жоғары болса, модель соншалықты аз шектеулерге ие болады.

Осы рейтинг бойынша GPT-5.2 0,324 балл жинады, бұл оның алдыңғы нұсқалары мен бәсекелестерінен әлдеқайда төмен. Мысалы, GPT-4o-Mini 0,765 балл, ал Gemini 3 Pro Preview 0,824 балл алған. Рейтингтің көшбасшысы болып Llama 3 8B-Instruct моделі шықты — 0,853 балл.

Пайдаланушылардың пікірінше, GPT-5.2 аса сақтық танытады. Мысалы, Reddit форумының бір қолданушысы модельдің интернеттегі алаяқтықты түсіндіріп беруден бас тартқанын жазған, өйткені ол алаяқтық әрекеттерді қолдауға болмайтынын алға тартқан.

GPT-5.2 әзірлеушілері сынға жауап ретінде, жаңартудың мақсаты модельдің қауіпсіздігін арттыру, промпт-инъекцияларға төзімділігін күшейту және пайдаланушыларды қауіпті тақырыптардан қорғау екенін хабарлады. Модель енді пайдаланушыға қауіпті болуы мүмкін сұрауларға сезімтал болып, мұндай жағдайларда көмекке жүгіну жөнінде ұсыныстар береді.

Болашақта ChatGPT-нің «ересектер режимі» іске қосылғанда жағдай өзгеруі мүмкін. Бұл режимтің жоспары 2026 жылдың басына белгіленген. Дегенмен, OpenAI өкілдері әзірге пайдаланушылардың жасын сенімді тексеру механизмі жоқ екенін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Time жасанды интеллект жасаушыларды «Жыл адамы» атады.

Соңғы жаңалықтар