ЕҚЫҰ Қазақстанды БҰҰ ҚК мүшелігіне сайлануымен құттықтады
Қ. Сарыбай ЕҚЫҰ мүше елдеріне 2016 жылдың 28 маусымында Нью-Йорктегі сайлау барысында Қазақстанға қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Бұл біздің еліміздің ғана емес бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін жауап беретін БҰҰ жоғарғы органдарына бұрын ұсынылмаған жалпы Орталық Азия өңірінің жеңісі екендігі аталып өтілді.
Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы мәлімдемесінде айтылған БҰҰ ҚК-де еліміздің қызметінің басым бағыттары туралы атап өтті. Ол ядролық қарусыз және соғыс пен жанжал дерті шалмаған әлемді құруға бағытталған қазақстандық бастамаға көп көңіл бөлінгенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында ҚР Президенті Н.Назарбаев көтерген терреоризмге қарсы бастамаларын алға жылжытады. Бұдан басқа су, энергетика және азық-түлік мәселелерін шешуге жаңаша серпін беріледі.
ЕҚЫҰ мүше елдерінің делегациясы Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік кеңестің тұрақты емес мүшелері құрамына сайлануын құттықтай отырып осы орында жетістікке жетуін тіледі.