16:53, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
Ел жастары маңызды мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысуы керек
АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның жастар ұйымдары маңызды мемлекеттік бағдарламаларды даярлауда шетте қалмауы тиіс.

Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы жастар ұйымдарын дамыту бойынша үйлестіру кеңесінің отырысында Жастар ісі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешов мәлім етті.
«Бүгінде үкіметтік емес жастар ұйымдарының мемлекеттік бағдарламаларды даярлау мен оны тиімді жүзеге асырылуын бағалауға қатысуының тетіктері жоқ. Оның ішінде жастардың өңірлік әлеуметтік бағдарламаларға қатысуы ескерілмеген»,-деді Н. Өтешев.
Оның айтуынша, осы тұрғыда жастардың кедейшілікпен күрес, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту және басқа да бағдарламаларды әзірлеу барысына қатысуға мүмкіндігі жоқ.
«Нәтижесінде, аталған бағдарламаларда жастардың мүддесі көрініс таппайды»,-деп түйді Н. Өтешев.