Елбасы Ақтөбедегі физика-математика мектебінің оқушыларымен жүздесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары барысында облыс орталығындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепке барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Елбасы мектептің оқу сыныптарын, спорт залын, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстары көрмесін аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев оқушылармен әңгімелесіп, оларға табыс тіледі және оқуда үздік нәтижеге жетулеріне ниеттестігін білдірді.

Мектепте 202 педагог маман, соның ішінде 125 мұғалім, 16 куратор, 8 тәрбиеші және 17 шетелдік қызметкер оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

null

Соңғы жаңалықтар