Елбасы бір күндік сапармен Ақтөбе қаласында болады

ӨБЕ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен Ақтөбе қаласында болады.
None
None

Мемлекет басшысына әуежайға келген бойда «Бомбардье Аэроспайс» компаниясының ел аймақтары арасындағы авиарейстерді орындауға арналған CRJ 900 әуе кемесі көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Н.Назарбаев орталық саябақ аумағындағы Бірлік және келісім сулы-жасыл бульварды ашады, одан кейін «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ-ның жоғары көміртекті феррохром шығаратын төртінші цех құрылысының іргетасына капсула салу үшін Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барады деп күтілуде.

Ақтөбе аймағына жасайтын Президент сапары бағдарламасындағы маңызды нысандардың бірі - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізінің құрылысы. Мегажоба құрылысының басталу салтанаты «Самара-Шымкент» республикалық трассасында, Ақтөбеден бес шақырым жерде өтеді. Осы жерде транзитті дәлізге қатысушы үш құрылыс учаскесімен телекөпір өткізу жоспарланған. Бір мезгілде облыс орталығында Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Еуроодақ, халықаралық банктер өкілдерінің қатысуымен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» трансконтинентальды дәлізі - Еуропаға жаңа жол: арманнан іс жүзіне дейін» атты халықаралық конференция өтеді.

Түстен кейін Елбасы Достық үйінде болады, Ақтөбенің 140 жылдығына орай орталық стадионда өтетін салтанатқа қатысады, сондай-ақ Ақтөбенің іргесіндегі жаңа теннис орталығын көреді.

Соңғы жаңалықтар