Елбасы бүкілхалықтық құрылыстың жұмысына сәттілік тіледі

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. Қазақпарат. 2009 жылғы 10 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «бүкілхалықтық құрылыс»  аталған «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі құрылысының басталуына арналған митинг болып өтті,
None
None

деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Митинг өтетін орынға келгеннен соң көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Елбасына дәліздің қазақстандық  бөлігі жайында  құрылыс макетін пайдаланып баяндап берді. Макетте жобаның барлық негізгі көрсеткіштері бейнеленген және қаржыландыру көздері мен жол салу мен қайта салуда пайдаланылатын материалдар жөнінде толық ақпарат берілген. Нұрсұлтан Назарбаев сол жерде отандық өндірушілердің автожол саласында пайдаланылатын өнімдерінің көрмесімен танысты.  Олардың ішінде «Компания Тенгиз +» ЖШС, «Сталь Цинк» ЖШС,   «Алматинские краски» ЖШС, «АЗМК» ЖШС, «КазГеоСинтетика» ЖШС, «ИмСтальКон» ЖШС, «Камаз Инжиниринг» АҚ бар. Бұл компаниялардың барлығы жобаны келешекте жабдықтап отыруға әзір, олар қазірдің өзінде отандық жол құрылысының  маңызды құраушысы болып отыр.   

Елбасы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы жайында, сондай-ақ қайта салынған Қарабұтақ - Ырғыз телімі жайындағы сюжеттерді көрген соң Жамбыл облысымен телекөпірге қатысты. Онда дәліздің бір теліміндегі жұмыстар басталды. Тараз - Қордай жолының 129 шақырымын Азиялық даму банкі (АДБ) қаржыландыруда. Бүгінгі күнге конкурстың барлық рәсімдері аяқталып, үш мердігер ұйым анықталды.

Мердігерлердің әзірлігі жөнінде көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербеков мәлімдеп, Елбасынан жұмыстарды бастауға рұқсат сұрады.

Құрылысты бастауға рұқсат берген Нұрсұлтан Назарбаев митингке қатысушыларға арнау сөз сөйлеп, жұмысқа сәттілік тіледі.

- Автомобиль жолдарының мемлекет экономикасының күретамыры екендігін сипаттай келе, Елбасы «Бүгін біз сіздермен Қазақстан Республикасының жаңа тарихындағы ең басты инфрақұрылымдық  жобаның - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта салынуының басталуының куәсі болып отырмыз», - деп атап өтті. Еуропа - Ресей - Қазақстан - Қытай  автомобиль жолы Қытайдан Еуропаға дейінгі қатысушы елдері, яғни шекаралар саны да аз ең төте жол болып табылады. Бұл Қытайдан Еуропаға жүк жеткізу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін, бәсекелестік жағдайындағы маңызды артықшылық. Бұл дәліз үш бағытта жүк тасымалын қамтамасыз ететін болады: ол - Қытай - Қазақстан, Қытай - Орталық Азия, Қытай - Ресей - Батыс Еуропа.

2020 жылға жоспарлы жүк тасымалының көлемі шамамен жылына 33 млн. тоннаға жеткізілмек. Көлік саласындағы белгіленген жоспарлардың іске асырылуы экономиканың басқа секторларына едәуір мультипликативтік ықпал, индустриялық, өңірлік, әлеуметтік және инновациялық әсер беретініне сенемін.

Жоба жөніндегі өз көзқарасын жергілікті тұрғындардың бірі айтты. Ол бұл жолдың аса маңызды екендігін бір мысал арқылы ғана жеткізді. Бұрын Ырғыз ауылы  арқылы өтетін жолды оның жай-күйінің  нашарлығына байланысты «Ажал жолы» деп атап кеткен болатын. Оның айтуынша, енді бұл жолды «Өмір жолы» деп атаған лайық.

Сонымен, «бүкілхалықтық құрылысқа» старт берілді - Жамбыл облысында құрылыс жұмыстары қарқынды басталып кетті. Таяу мезгілде оларға тағы біраз телімдер қосылады, қазіргі уақытта олар бойынша конкурстық рәсімдер өткізілуде. «Бүкілхалықтық құрылыс» келесі жылдың бірінші жартысында-ақ толық қарқын алатын болады.

Соңғы жаңалықтар