Елбасы ҚР ІІМ-ге заңсыз сыртқы көші-қонды бақылау және қарсы тұру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өткен 2012 жылдың қорытындысына және «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыруға арналған кеңейтілген отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Ішкі істер министрлігіне заңсыз сыртқы көші-қонды бақылау және қарсы тұру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
None
None

Жұмыспен қамту саласындағы стратегиялық міндет өзін өзі жұмыспен қамтылған халықты экономиканың шынай саласына тарту екендігін баса айтқан Мемлекет басшысы: «Бұл бағыттағы прогресс әзірше әлсіз сезіледі. Өткен кезеңмен салыстырғанда өзін өзі жұмыспен қамтығандар үлесі небәрі 1,2 пайызға төмендеді. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Өңірлік даму министрлігімен бірлесіп, бұл саладағы ахуалға сараптама жасауы әрі тиімді шешім табуы тиіс. Ал Ішкі істер министрлігі үшін заңсыз сыртқы көші-қонды бақылау және қарсы тұру жұмыстарын күшейту маңызды», - деді.

Соңғы жаңалықтар