Елбасы мақаласы болашағымның жарқын болатындығына сенімімді күшейті - Тәуелсіздік құрдасының пікірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы мақаласы болашағымның жарқын болатындығына сенімімді күшейті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласына орай, ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы баспасөз қызметінің жетекшісі Алмас Тоғай осындай пікір білдірді.
None
None

«Мемлекет басшысының мақаласын оқығаннан кейін алдағы өміріме, болашағымның жарқын болатындығына сенімім күшейе түсті. Меніңше,Президент әрбір отандасының арман-тілегі қандай екендігін өте жақсы білетін сияқты. Елбасымыз жүргізіп отырған әрбір реформаның ашықтығы мақаладан да, атқарылып жатқан шаралардан да анық көрінеді. Әрине, бұл ретте Парламент пен Үкіметтің де үйлесімді жұмысын атап өткен орынды. Олар мен сияқты Қазақстанның әрбір қарапайым азаматының өмірін жақсартуға бағытталған заң жобаларын әзірледі», - деді ол.

Оның пайымынша, еліміздің Мемлекеттік қызмет істер министрлігінің құрылуы да жемқорлықпен ымырасыз күрестің белең ала түскендігін дәлелдейді.

«Президент өз мақаласында кәсіпкерлік туралы, бизнесті дамытудағы маңызды әрі негізгі бағыттарды қамтыған кәсіпкерлік кодекс туралы пікір білдірді. Мәселен, өзім кәсіпкерлік саласында жұмыс істегеннен кейін бизнесті қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету аспектілерінің табысты жұмыс істейтін экономиканың кепілі бола алатындығы қуантады. Дәл осы жайт мені ынталандыра түседі. Қазақстан ширек ғасырдың ішінде көптеген елдер ғасырлар бойы қол жеткізе алмайтын биіктікті бағындырды. Мұның барлығы тәуелсіздік құрдасы менің көз алдымда өтуде», - деді А.Тоғай.

Соңғы жаңалықтар